Главная » 2020 » Апрель » 6 » Карантиндік күндер: балалар және үй жануарларымен серуендеу

Карантиндік күндер: балалар және үй жануарларымен серуендеу

06.04.2020 в 13:22 просмотров: 417 комментариев: 0

Әлеуметтік қашықтық дегеніміз не? Үй жануарларын қалай серуендетуге болады? Қазір бұл сұрақтарды көпшілік қоюда.

- Қазір әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұсынады. Бұл нені білдіреді?
- Көптеген елдерде жаңа коронавирусқа қарсы күрес бойынша қатаң шаралар, соның ішінде карантиндер енгізілді. Өзін және айналасындағыларды жұқтырудан қорғау секілді негізгі ұсыныстардың бірі – басқа адамдармен қарым-қатынасты барынша қысқарту.
Дүкендерде және дәріханаларда, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірлеріңізден кемінде екі метр қашықтықты сақтаңыз. Сатып алушылардың ыңғайлылығы үшін барлық супермаркеттерде кассалар маңында белгілер жасалды. Кезекте бес адамнан артық жиналмауы керек.
Бұл қарапайым ережелерді сақтаңыздар. Осылайша жұқтыру қаупін төмендетесіз.

- Көшеде баламен арбамен серуендеуге бола ма?
- Серуенге уақытша тыйым салынады. Түсініңіздер: өзін-өзі оқшаулау режимі коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қажет.

- Басқа адамдармен байланыспаған жағдайда спорт алаңдарына шығуға бола ма?
- Жоқ. Қауіпсіздікті сақтау үшін олай істемеген жөн. Жаттығуларды үйіңізде орындаған абзал.

- Карантин кезінде иттерді қалай серуендетуге болады?
- Үй жануарларын 500 метрден аспайтын радиуста серуендетуге рұқсат етіледі.
Егер сіздің кіреберісіңіз немесе үйіңіз коронавирус ауруымен ауырғандар немесе байланыста болғандарға байланысты карантинге жабылса, тыйым салынады. Мұндай ошаққа карантин төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік жедел штабтың ұсынысы бойынша салынады. Карантин уақытында тұрғын үйден шығуға тыйым салынады. Азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектер тұрғындарға жеткізіледі.

- Егер жануарға мал дәрігерінің шұғыл көмегі қажет болса, не істеу керек?
- Ветеринарлық клиникалар жұмыс істейді. Шұғыл жағдайларда үйіңізге жақын жердегі клиникаға жүгініңіз. Алдын ала хабарласыңыз және маманмен кеңесіңіз. Мүмкін, телефон арқылы кеңес алып, шығудың қажеті болмас.

Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.