Главная » 2022 » Июнь » 10 » Хабарлама Ұлытау облыстық мәслихатының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы

Хабарлама Ұлытау облыстық мәслихатының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы

10.06.2022 в 16:18 просмотров: 495 комментариев: 0 Политика


Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10,19-баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң)  Ұлытау облыстық мәслихаты Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырауы туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын партияларға қатысты жоғары тұрғандар сайланады.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшілері және қалыптастырушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 10 маусымнан 25 маусымға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;  
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері  Жезқазған мәслихат сайтында орналастырылған.
 Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
 Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, Орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.            
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 10 маусымынан бастап 25 маусымға дейін жүзеге асырылады, сағат 9.00 -18.30 дейін, үзіліс сағат 13.00 - 14.30 дейін.
Ұлытау облыстық мәслихаты
Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы- Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы.
 Мәслихаттың орналасқан жері: Жезқазған қаласы,  Алаш алаңы,1
 Жауапты тұлға Даулеткельдина Айнагул Бакытовна қалааралық телефон коды (87102), қызметтік телефон 711323, ұялы телефон нөмірлері 87052293615, факс 711323, электрондық пошта мекенжайы: Zhezmaslih@mail.kz.      
Ұлытау облыстық мәслихатын Ұлытау  облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі сайлайды.
Сайлау комиссиясының орналасқан жері- Жезқазған қаласы.


Ұлытау облыстық мәслихаты
 
Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.