Главная » 2021 » Июль » 21 » Жедел жағдайды сауықтыру

Жедел жағдайды сауықтыру

21.07.2021 в 16:46 просмотров: 9389 комментариев: 0 РЕКЛАМА
Жедел жағдайды сауықтыру, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында Жезқазған станциясындағы Желілік полиция бөлімі  аумағында «СТОП-ҰРЛЫҚ» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Бұл 2021 жылдың 09 шілдесінен бастап 25 шілде аралығында өтетін өте маңызды іс-шара. Іс-шараны өткізу барысында ЖПБ қызметкерлері темір жол бойында  бөгде және күдікті адамдарға, түнгі уақытта күзет шараларын күшейтуге, азаматтардың багажын бақылауға басты назар аударады.
Сондай-ақ станция аумағындағы және поезддағы жолаушылар келесі ақпаратты білуі тиіс:
- жағымсыз жағдайларды алдын ала білуге және болдырмауға тырысыңыз, өз мүлкіңізді мұқият қадағалаңыз және жеке заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз немесе жеке заттарыңызды бөгде адамға сеніп тапсырмаңыз;
- поезд ішінде мүмкіндігінше қозғалысты шектеңіз;
-  Егер сіздің заттарыңыз жоғалатын болса Желілік полиция қызметкерлеріне хабарлаңыз.
Жезқазған станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің  полиция қызметкерлері сізге тағы да ескертеді:
Сақ болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз мүлкіңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз!
Жезқазған станциясындағы ЖПБ бастығы, полиция капитаны М.С. Күсенов
Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.