Главная » 2020 » Апрель » 24 » 2017 жылдың 12 мамырында Ішкі саясат басқармасы «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Мемлекеттік бағдарламаларды БАҚ-та а

2017 жылдың 12 мамырында Ішкі саясат басқармасы «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Мемлекеттік бағдарламаларды БАҚ-та а

24.04.2020 в 12:48 просмотров: 369 комментариев: 0
2017 жылдың 12 мамырында Ішкі саясат басқармасы «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Мемлекеттік бағдарламаларды БАҚ-та ақпараттық-насихаттық қолдау» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.
Бұл шараның мақсаты - БАҚ пен мемлекеттік органдардың барынша өзара іс-қимыл жасасуына қол жеткізу, сондай-ақ баспасөз хатшылары және жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі мамандардың кәсіби деңгейін көтеру болып табылады.
Семинар жұмысына мемлекеттік ұйымдардың баспасөз қызметтерінің 70-тан аса өкілі, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің баспасөз қызметшілері қатысты.
«Орталық Қазақстан» және Индустриальная Караганда» газеттерінің бас редакторларының орынбасарлары Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы мен Песнев Станислав Альбертовичтің, сондай-ақ «Қазақстан-Қарағанды» ТА директорының орынбасары Садықанов Жәнібек Махмұтұлының баяндамалары тыңдалды.
Семинар-тренинг жұмысының барысында БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, БАҚ пен баспасөз хатшыларының тиімді өзара әрекетінің маңыздылығы туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ халықаралық және ұлттық тәжірибе негізінде баспасөз қызметі мен бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді жұмыс тәсілдері қаралды. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау жөнінде практикалық кеңестер және жұмысты жоспарлау жөнінде ұсынымдар берілді.
Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.