Отзыв на послание Президента РК
01.04.2020 в 12:59
просмотров: 470
комментариев: 0
Мемлекет басшысының кешегі сөзі біздер, көп балалы аналарға ұнады. Халқына жанашыр, мемлекетшіл тұлғаның пайымы жүрегімізге жетті. Дәл қазіргі қиын-қыстау кезеңде жұмыссыз қалған отандастарына нендей көмек көрсетілетінін қысқа да нұсқа айтып өтті.
Читать далее →
Мемлекет өз тарапынан бізден аянып жатқан жоқ. Олай болса, әр отбасындағы барды ұқсату - отбасындағы аналар, біздердің міндетіміз. Алдымен, осы КВС індетінің таралмауына атсалысайық. Ол үшін бізден бір ғана нәрсе талап етіледі: бейсауат далаға шықпау! Өзімізді, халқымызды аман сақтаудың жолы осы.
Отзыв на послание Президента РК
01.04.2020 в 12:57
просмотров: 462
комментариев: 0
Мемлекет басшысы Тоқаевтің мәлімдемесі- әрқайсымызға күш-жігер, рух берді. Пандемияға қарсы бір ел, бір тілек болып жұмылуымыз тиіс. Мен кәсіпкер ретінде емес, бір қаланың азаматы ретінде #bizbırgemız акциясына үн қосудамын. Президентіміздің "Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Олар-экономикамыздың тірегі" дегені тың серпін сыйлап, бойымыздағы құлшынысымызды нығайтты. "Бизнес өкілдерін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын" деуі-мен ғана емес, барлық бизнесменге сенім артып, қолдау танытқаны деп қабылдадым. Әрқашан Отанымызбен біргеміз!!! Еліміз аман, еріміз мықты, рухты болсын!
Читать далее →
Отзыв на послание Президента РК
01.04.2020 в 11:49
просмотров: 459
комментариев: 0
2020 жылдың 31 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтарға өзінің мәлімдемесін жасады. Осыған орай Қытайда өршіген COVID-19 коронавирус дерті елімізде таралмауы үшін алдын алу шараларды одан әрі жоғары деңгейде атқаруды тапсырды. Осы мәлімдемені негізге ала отырып, Жезқазған аймағының "Спортты дамыту орталығы" қоғамдық бірлестігі барлық қазақстандықтарға, оның ішінде спортшылар мен жаттықтырушы-бапкерлерге елімізде жасалып жатқан іс-шарларға түсіністікпен қарап, арнайы мемлекеттік комиссияға бекітілген денсаулық сақтау мен құқық қорғау органдардың жұмыстарына кедергі жасамауларыңызды сұраймыз. Бұл қиын төтенше жағдайлар бәрі уақытша, сондықтан сабырлық сақтап спорттық оқу-жаттығу сабақтарын қашықтықтан (дистанциондық түрде) өткізіп, үйде болыңыздар!!! Барлықтарыңызға амандық тілейміз!!! Еліміз аман болсын!!! #Бізбіргеміз
Читать далее →
Мәлімдеменің толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар
Отзыв на послание Президента РК
01.04.2020 в 11:47
просмотров: 491
комментариев: 0
Учитывая ситуацию в мире и стране, введение режима ЧП была вынужденной и необходимой мерой. Данные меры позволили удержать ситуацию под контролем. Бизнес региона в лице Ассоциации Предпринимателей и Промышленников Жезказганского региона,
Читать далее →
активно поддерживает об]явленную Президентом программу поддержки МСБ и граждан. Антикризисные меры направленные на поддержку временно высвобождаемых работников МСБ и самозанятых в виде пособия в размере 42 500 тенге обеспечить социальную поддержку на период ЧП в стране. Такие сферы как торговля, гостиничный бизнес, туризм, перевозки на особом внимании государства. Программа льготного кредитования экономики простых вещей, сельского хозяйства позволить МСБ страны работать в новых экономических условиях. Программа занятости населения предоставить новые возможности для граждан и субьектов МСБ. Особые условия создаются отечественным товаропроизводителям и сельхозпроизводителям. Бизнес региона совместно с Корпорацией Казахмыс будет также проводить активную совместную работу для обеспечения стабильности и развития Жезказганского региона .
Заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева
01.04.2020 в 08:39
просмотров: 437
комментариев: 0
Құрметті отандастар!
Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік. Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп. Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым. Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын. Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз. Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек. Бұл – аса маңызды. Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт. Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық. Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болады. Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұған дейін Дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді. Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз. Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі. |