«ҚАЗАҚМЫС» – ҚУАТТЫ КОМПАНИЯ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
«Екінші кешенді міндет. Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.
Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар».

(2017 жылғы Жолдауынан).
Қос кеніш
«Арқаның алқасы». Оның өткеніне үңілсек, «толғағы» оңай болмады. Кеңестік кезеңде басталған құрылысы жиырма жылдай «жырға» айналып, ақыры қоғамдағы тоқырауға келіп килікті. Одақ ыдырады. Экономикалық байланыс босаңсыды. Қаржыландырудың қиюы қашты...
Қуаты кеткен комбинат оны қатарға қосудан күдерін үзген кезде келген шетелдік инвестор шаруаның бетін бері қаратты. Тоқсаныншы жылдың соңына қарай тұсауы кесілді. «Анненск» – аймақтағы терең шахта. Шыңырау түбі – шамамен жеті жүз метр.
Кен қатпары – күрделі. Әдетте, Жезқазған аймағында көлбей құлаған кен қабаты онша ойыс емес, ал «Анненск» – айрықша. Оған қалыптасқан технологияны қолдану қолайсыз, әрі онша тиімді емес. Онда кен қатпарының орналасуына қарай оны өндірудің арнайы жүйесі жасалған.
Сыртқы сипаты соны нысанның тағы бір ерекшелігі – шахта құрылысының тарихында тұңғыш рет оқпанды ұңғылау мен коперды монтаждау қатар жүргізілді. Ал, скиптің жұмысы таразы тәріздес қозғалысқа негізделген: бір басына кен тиелсе, келесі басында түсіріліп жатады.
Онда небір танымал фирманың тиімді техникасы қолданылады. «Параматик» бұрғы бойлатады. Қуатты «Катер» кен тиесе, төзімді «ТОРО» тасымалдайды. Проходкаға алымды «Аксера» мен қарымды «Миниматик» қойылған. Забой төбесін «Робольт» бекітеді.
«Еліміздегі кен өндіру өнеркәсібінің болашағы – осындай алыптар».
Бұл – «Анненск» кеніші пайдалануға берілгеннен кейін алғашқы құрметті қонағы болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі.
Шахта шыңырауына түсіп, технологиясымен танысқан соң Елбасы осылай қадап айтты. Мемлекет басшысының назарына ілігіп, осы өңірде осындай бағаға ие болған басқа кәсіпорын есте жоқ. Ал, кенші қауым «Анненск» шахтасын «Арқаның алқасы» деп әспеттейді.
Шындығында, сәулеттік сипатына қарасақ, оның тұрпаты осы өңірдегі көз үйренген басқа шахтаға таза ұқсамайды. Әкімшілік-тұрмыстық корпусын сырткөз өнер отауының ғимараты деп ойлап қалуы әбден мүмкін. Оған өзіндік үйлесіммен қабысқан қос каперді қос.
Қысқасы, көрген көзді қызықтыратын көрініс. Тіпті, талай елдің топырағына табаны тиген тарланның өзі «мұндай жобаны кездестіру қиын» дегенді айтады. Бұл жоба Францияда әлемдік байқауда– екінші орын, ал Канадада алтын медаль иеленді.
Елбасы елеген, дүйім ел демеген шахтаның шаруасы шырайлы.
Жапандағы «Жаман Айбат». Төсектен түн түндігі түрілмей тұрғанда көтерілдік. Жол шеті – «Жаман Айбат».
Жезқазғаннан Қызылордаға құлайтын тасжолдың тұсынан тура қырық шақырымдағы «Мибұлақ» ауылына жол талғамайтын жүрдек автокөлікпен «әупірімдеп» әрең жеттік. Ми «шайқалып», езу «тілініп» кетті. Ауылдан «...Айбатқа» апаратын жол да жетісіп тұрған жоқ. Алайда, айтпағым жол жөнінде емес.
Екі жүз шақырымды артқа тастағанда, қарсы алдыңнан «алып» әріппен жазылған «Жаман Айбат» деген сөз шығады. Сәл ілгері жүрген соң тура сондай «Жомарт кеніші» дегенге кезігесің. Кеніштің қадасы қағылған кезден бері талай келген маған бұл екі сөз де көзге ыстық көрінеді.
Себебі, «Жаман Айбат» – қуатты кеніштің кешегісі, ал, «Жомарт» – бүгіні мен болашағы. Бұл кенішті «Қазақмыс» өз күшімен қысқа мерзімде қатарға қосты. Бастапқы кезде келген қарағандылық шахта құрылысшылары шаруаның шырайын шығара алмай, ақыры кері қайтқаны есте.
Компанияны дамытудың стратегиялық бағдарламасы бойынша салынған бұл кеніш жылына 4 миллион тоннадай кен береді. Мамандардың есебіне қарағанда, «Жомарттың» тек бірінші кезегінің өзі 27 жылға жобаланған. Ендеше, оның биік белесі әлі алда.
Қазір де кенде қалмағаны көзге көрініп тұр. Монолитті бетоннан құйылып, сырты қапталған скип-клет оқпаны жапан далада оқшау бой түзеген, аспанға асқақтайды. Төңірегіне кеніштің күнделікті қызметіне қажетті түрлі құрылым топтасқан. Жезқазғаннан шығатын теміржол да осы оқпанға келіп тіреледі.
Тіпті, әкімшілік-тұрмыстық кешені де онымен жабық дәліз арқылы жалғасқан. Біз жаңағы жабық дәліз арқылы бірден клетке қарай өтіп, шахта шыңырауына тарттық. «Табанымыз тиген тұс жер бетінен 600 метр тереңдікте жатыр» деді, жолбасшы жігіттің бірі.
Қойнауына құпиясын бүккен, тәулік бойы кен өндіру толастамайтын «шахта шаһары» – геолог, құрылысшы мен проходкашы қолынан шыққан керемет. Олар ұзақ «қалғыған» жерді ұйқысынан оятып, кеніштің келешек тағдырын кеншінің сенімді қолына тапсырды.
Келген кеншілер «Жаман Айбаттың» екінші тынысын ашты.
...«Қырға» көтерілгесін әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен таныстық: жайлы жатақхана, жаттығу залы, бильярд бөлмесі, мейрамханаға жетеғабыл екі қабатты еңселі асхана. Қысқасы, бәрі көңілден шықты...

Қос комбинат
Бағдарламасы бедерлі Бозшакөл мен ауқымы алабөтен Ақтоғайдың бастапқысын игеру 2011 жылы қолға алынды, кейінгісінің тұсауы келесі жылы кесілді. Бозшакөл – солтүстікте, ал, Ақтоғай шығыста жатыр.
Бұл екеуінің бізге қандай қатысы бар? Тікелей! Жезқазған жағында шикізат өндіру көлемін кемітіп, кен қорының жүгін жеңілдетеді.
Бозшакөл. Комбинат құрылысы қарқынды жүрді. Бастапқы бес жыл бедерінде бас кірмежол, қуаты 220 кВ. электр байланысы желісі, негізгі өндірістік ғимарат, кен ұнтақтау қондырғысы, қойма мен қоюлатқыш, тағы басқа толып жатқан нысан қаз-қатар сап түзеді.
«Қарқынды» деген күшейткіш өнеркәсіптік нысанға ғана қатысты емес, баспанаға да байланысты. Өйткені, жобаны жүзеге асырушы қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді.
Кен орнындағы қарбалас бір толастаған емес. 2015 жылы 7,1 миллион тонна кен өндірген «Бозшакөл» былтыр бұл көрсеткішті 28,3 миллион тоннаға көтерді. Комбинаттың жылдық жобалық қуаты – 30 миллион тонна. Қол созым жерде тұр!
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген бұл жобаның құны – 1,9 миллиард доллар. Кен қатпарында жол-жөнекей өндірілетін алтын, күміс және молибден сияқты бағалы ілеспе өнім де бар. Тау-кен жұмысы екі ашық карьерде жүргізіледі.
Осы жоба аясында жылына 25 миллион тонна кен өңдейтін байыту фабрикасы мен өңделетін 5 миллион тонна кенді ақбалшықтан арылтатын зауыт қатар салынды. Өткен жылы күкіртті кен өңдейтін негізгі байыту фабрикасы шақпақ мысқа шаққанда 44,8 мың тонна мыс өндірді.
Былтыр 29 қыркүйекте ақбалшық аралас кен өңдейтін екінші фабрикада іске қосу-реттеу жұмысы басталды. Бастапқы байқау кезеңінде сыр бермеген ол содан бері 2,5 мың тоннадай концентраттағы мыс өндірді. Мұндай шикізат 12 жылға жетеді. Сосын кәсіпорын күкіртті кен өңдеуге лайықталып, қайта жарақтандырылады.
Кеңестік кезеңде Бозшакөл кен орнын игеруге шикізат құрамындағы мол балшық едәуір кедергі келтірді. Ақбалшық араласқан кенді өңдейтін технология таптырмады. Соңғы заманауи жетістік қана мұндағы кен қорын алуға мүмкіндік тудырғанын айта кеткен артық емес.
Карьердегі кен ұнтақтау қондырғысында көлемі жағынан әлемдегі ең керемет конустық ұнтақтағыш пен редукторсыз қозғалысқа келетін және екі шарлы диірмен қолданылады. Комбинаттан 3 шақырым жерде біржарым мың адам тұратын тұрақты вахталық қалашық салынған.
Ақтоғай. Бұл кен көмбесін бастапқы барлау 1974 жылы басталды. Алты жылдан кейін КСРО Пайдалы қазба қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия анықталған қор көлемін бекітті.
2004 жылы жер қойнауын пайдалану құқын «Қазақмыс» алды. 2011 жылы желтоқсанда Қытай мемлекеттік даму банкімен Ақтоғай жобасын қаржыландыруға қатысты уағдаластыққа қол жетті.
Комбинатта кен өндіру үш ашық карьерде жүргізіледі. Мұнда былтыр тау-кен жұмысын жүргізуді барынша ұлғайтты. Соның арқасында тотыққан кен өңдейтін кешен 18,1 мың тонна катод мысын өндірді.
Былтыр 6 желтоқсанда жылына 25 миллион тонна күкіртті кен өңдейтін байыту фабрикасында іске қосу-реттеу жұмысы басталып, жабдық байқаудан сәтті өтті. Биыл бірінші тоқсанда алғашқы 7,2 мың тонна тауарлы мыс концентраты алынды.
Сонымен қатар, жуырда жылына 12 миллион тонна тотыққан кен өңдейтін дымқыл сілтісіздендіру мен электролиздейтін зауыт пайдалануға беріледі. Комбинат қуаты кезең-кезеңмен қатарға қосылады. Тотыққан кен өндіру қолға алынды.
Бастапқы кезеңде тек бір кеніштің өзі 100 мың тоннадай мыс концентратын береді. Негізгі жабдықты сатып алу мәселесі шешілген. Болашақ өндірістік алаңның аумағы басы артық дүниеден тазартылып, қазба орны мен тұрғын мекен-жайға апаратын жол салынған. «Қазақмыс» пен мердігер компанияның уақытша вахталық қалашығы дайын.
Ақтоғай – Шығыс Қазақстандағы Аягөз ауданының аттас қалашығымен қапталдас жатқан ашық әдіспен кен өндірілетін қуатты кеніш. Оны қатарға қосу үшін шамамен 2 миллиард доллар жұмсалады. Бұл қазба байлығын игеру үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген.
Ақтоғай комбинаты келешекте жылына 25 миллион тонна кен өндіреді. Жалпы жобалық қуатында қарастырылған жарты ғасырда тотыққан кеннен – 224 мың тонна, ал сульфидті кеннен 4 миллион тоннадай мыс алынады. Сондай-ақ, ілеспе өнім түрінде молибден өндіріледі.

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстан Журналистер одағы
сыйлығының лауреаты.
(Жалғасы. Басы 14.07, 21.07 күнгі санда).

[ Регистрация | Вход ]