«ҚАЗАҚМЫС» – ҚУАТТЫ КОМПАНИЯ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
«Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін».
(2017 жылғы Жолдауынан).
Алдымен — адамның амандығы
Қазақта қанатты қағидаға айналған мынандай сөз бар: «Сақтансаң, сақтаймын!». Мәселе оны кімнің айтқанында емес, құдіретке құлдық ұратын пенде сеніміне сүйенсек, ол — астарында керемет қисын жатқан мақалдың мәйегі.
Сақтыққа салдыр-салақ, салғырт қарайтынымыз құпия емес. Сосын соның сазайын тартамыз. Әсіресе, өндірісте өкінішке ұрындырып жататын жазатайым жағдай жеткілікті. Орын алған оқыс оқиғаны саралай жөнелсең, сай-сүйегің сырқырайды.
Оқыс оқиғаға жасалған жүйелі талдау мен мемлекеттік бақылау мекемесі мәліметіне жүгінсек, жазатайым жағдайға ұшырағанның басым бөлігі тәжірибелі тарлан мен жұмысқа жаңа алынған албырт жас екен. Бұдан шығатын қортынды — бастапқысында сақтық жетіспейді, кейінгісінде техникалық сауаттылық кемшін.
Өз міндетіне атүсті қарайтын, жасалған ескертуді жүрдім-бардым тыңдайтын адам кез-келген ұжымда ұшырасады. Сондай жауапсыздық оқыс оқиғаға ұрындырады. «Қазақмыста» тіркелген жалпы жазатайым жағдайдың оннан сегізі (80%) ұйымдастыруда кеткен олқылықтың үлесіне тиеді екен.
Осының жартысынан сәл астамы (52%) орындаушының қате әрекетіне, демек, адамдық факторға қатысты: еңбек және өндірістік тәртіп сақталмайды, қауіпсіздік ережесі мен кәсіби нұсқау айтылған жерде қалады, тиым салынған тәсілді қолданады, тағы сондай себеп-салдар түрткі болады.
Қалғаны басшыға байланысты: өндірісті ойдағыдай ұйымдастырмайды, жеткілікті бақылау жасамайды, адамды мамандығына сәйкес келмейтін жұмысқа жұмсайды. Бұған қадағалауды босаңсытып жіберген желілік инженер-техник қызметкерінің жадағай жауапкершілігін қос.
Қарап отырсақ, өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты «Қазақмыста» қол қусырып қарап отырған ешкім жоқ. Компанияда заманауи Заң актісінің талабымен табиғаты тамырлас, өкілетті мемлекеттік мекеменің келісімімен жасалған «Еңбек қорғауды басқару жүйесі» бар.
Оған жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын басшысы мен өндірістік буын жетекшісінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты шараны қос. Отырысына бақылаушы орган өкілі қатысатын еңбек қорғау жөніндегі апталық кеңесте кәсіпорын басшысы мен бас маман есеп береді.
Оның қортындысы ай сайын кәсіпорында талқыланып, нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданады. Ал, қалыптасқан қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау жәйі тоқсан сайын компания басшылығы мен мемлекеттік өкілетті мекеме өкілінің қатысуымен арнайы кеңесте кең түрде талқыланады.
Қауіпсіздікті қалыптастыруға қатысты еңбек жағдайын жақсарту мен жарақат алуды азайту бағытында белгіленген шараның орындалысына негізгі желіге қосылған компьютерлік бағдарлама арқылы ұдайы бақылау мен талдау жасалады. Соның негізінде арнайы мәлімет жиынтығы жасақталған.
«Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ерекше жұмыс режимі» стандарты белгіленген. Жазатайым жарақат алуға жол бермеу мен еңбек жағдайын жақсарту бағытында бірқатар тиімді шара қарастырылған. Өндіріс жетілдірілген техникамен қайта жарақтандырылуда. Осының бәрі, сайып келгенде, адамның аман-сау еңбек етуіне мүмкіндік тудыруға негізделген.
Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Айталық, ана жылы «Генрих пирамидасы» тәсілімен талай шаруа тындырылды. Одан кейін өндірістік өмірге өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғауды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Өмір» жобасы келді.
Компания тәжірибелік-өнеркәсіптік мақсатта «ЕМЕХ» бағдарламалық-талдау кешенін өндіріске енгізді. Ол жарақат алу мен кәсіптік сырқаттың жайын жедел бағалауға және алдын ала әрекет ету шарасын қабылдауға мүмкіндік береді. Ол соншалықты жеделдігімен және барынша нақтылығымен ерекшеленеді.
Осындай оңтайлы шараның жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, өкінішке орай, өндірістік жарақат алу түбегейлі тиылмай отыр. Жазатайым жағдай жойлар емес. Оның себебі сан алуан. Соның бірқатарын жоғарыда тілге тиек еттік.
Бір нәрсенің басы ашық — ойланбай жасалған әбес әрекет, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасына жете мән бермеу адам өміріне қатер төндіреді, отбасына қасірет әкеледі. Сәл шалыс басқан қадам, көңіл аудармаған қателік қайғылы жағдайға соқтырады.
Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау — күнделікті күн тәртібінен түспейтін мәселе. Техникалық сауаттылық пен сақтық, біліктілік пен жауапкершілік жұптасқан жерде ғана жазатайым жағдайға жол жоқ. Осыны түсінетін уақыт жеткен сияқты. Әркімнің амандығы — өз қолында!
Алдымен адамның амандығын ойлаған компания өткен жылы өндірістегі қауіпсіздікке 21 миллиард 340 миллион теңге жұмсады. 8504 жұмыс орны қалыпқа келтірілді. 538 мың тексеріс жасалып, 548 кемшілік жойылды. Былтыр бұрнағы жылға қарағанда өндірісте орын алған жазатайым жағдай 141-ден 66-ға кеміді.
Қоршаған ортаға қамқорлық
Жезқазған жағында, Қарағанды қапталында, Балқаш бойында «Қазақмыстың» бірқатар шахтасы мен карьері, фабрикасы мен зауыты, көмір разрезі мен жылу-электр орталығы, бас тарату электр стансасы орналасқан. Осы іргелі өндіріс экологияға елеулі әсер етеді. Сондықтан, «Қазақмыс» басшылығы коршаған ортаға қамқорлықты ұдайы назарда ұстайды.
Әрине, шағын мақалада шолып шығуға ғана шама жетеді. Бұл жолы Жезқазған жағында қалыптасқан жағдайды тілге тиек етеміз. Қазір қанаттас қос қала — Жезқазған мен Сәтбаевта «Қазақмыстың» 40 шақты кәсіпорны орналасқан. Соның 35-і экологиялық таза кәсіпорын қатарына жатады.
Демек, ауаға тарататын залалды зат рұқсат етілген шектеулі мөлшерден аспайды. Кейінгі он жылда кен өндіру мен қара мыс алу көлемі екі еседей артты. Ал, ауаға тарайтын залалды зат мөлшері сол бастапқы қалпында қалды. Бұл шаң-газ тазарту қондырғысына, шаң басу және желдету жүйесіне күрделі-ағымдағы жөндеуді уақытылы жүргізу арқасында мүмкін болды.
Табиғат қорғау жөніндегі Заңнама талабын орындау мақсатында корпорация негізгі технологиялық жабдықтың, табиғат қорғау құрылғысы мен қондырғысының ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауқымды шараны жүзеге асырады. Оларды техникалық бабында ұстауға жыл сайын 2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсайды.
Технологиялық жабдықты жетілдіру табысқа жетудің тетігі ғана емес, экологиялық мәселені орайлы шешуге де елеулі ықпал етеді. Бір мысал. Жезқазған мыс қорыту зауытында рудотермиялық пеш шведтік «Болиден» фирмасы жобасымен қайта құрылып, сол фирма жабдығы орнатылды, газ жүретін және штейн тиеу жүйесі жетілдірілді. Сөйтіп, пеш саңлауынан ауаға тарайтын күкірт диоксиді көлемі жылына 600 тоннаға кеміді.
Кезінде қорғаныс өнеркәсібі мен тыңайтқыш өндірісінде күкірт қышқылын тұтыну күрт кемігені белгілі. Сондықтан, 1997 жылы Жезқазған байыту фабрикасында күкірт қышқылын залалсыздандыру цехы салынды. Бұл шара мыс қорыту зауыты шамадан тыс күкірт диоксидін таратпауына және шақпақ мыс шығаратын қуатты тиімді пайдалануына мүмкіндік берді.
Бүгінде Жезқазғанда өндірістік сарқынды суды сыртқа төгу тиылған. Өйткені, барлық кәсіпорында оны қайта пайдалану жүйесі жұмыс істейді. Жылына 1,5 миллиард текше метр су қайта кәдеге жаратылады. Кейінгі кезде Жезқазған жағында суды бүлінуден сақтауда біршама ауқымды шара атқарылды.
Бұрын Жезді өзеніне жылына 2,5 миллион текше метрге дейін шахта суы жіберілсе, бүгінде бұл мәселе толық шешімін тапты. Айталық, Сәтбаев байыту фабрикасының технологиясы толық шахта суымен жұмыс істеуге көшірілген.
Шахта суы Сәтбаев жылу-энергетика кәсіпорнында көтерілген күлді сейілтуге, кеніште бұрғылау-аттыру жұмысы кезінде, кен тиеу мен тасымал кезінде көтерілген шаңды басуға пайдаланылады. Комбинат технологиялық үдерісте таза су тұтынуды күрт төмендетті.
Қалалық тұрмыстық сарқын суды тазарту құрылғысы қайта құрылып, кеңейтілді. Жезқазған жылу-электр орталығының қазандық цехында қалдық суды күл шаңын басуға жарататын станса салынуымен осы аймақтағы су көзіне өндірістік қалдық суды жіберу таза тоқтатылды.
Жер ресурсын қорғау, өндірістік қалдықты сақтау мен барынша кәдеге жаратуда да компания көлемді іс-шараны жүзеге асыруда. Карьерде кен бетін аршу кезінде алынған тау жынысы және шахтада проходкадан қалған металсыз шөгінді негізінен кеннен босаған орынды толтыруға жұмсалады. Бет жағындағысы ғана сыртқа шығарылып, арнайы орынға төгіледі.
Сәтбаев байыту фабрикасының өндірістік қалдығы тегіс кені алынған кеңістікті толтыруға кетеді. Кеншілер қаласындағы жылу-энергетика кәсіпорнының және Жезқазған жылу-электр орталығының күл-шлагы қос қаладағы байыту фабрикасының өндірістік қалдық шаруашылығында ішінара бекіту жұмысына қолданылады.
Ал, металлургиялық өндіріс қалдығы алатын жер көлемін кеміту мақсатында Жезқазған мен Балқаш мыс қорыту зауытының төгінді шлагы кейінгі кезде байыту фабрикасында толық қайта өңдеуден өткізілуде. Кеншілер қаласындағы аймақтық қазандықтың күлін төгетін 4 гектар орын да қалпына келтірілді.
Құю-механикалық зауытының шлагы, құрылыс қоқысы, автокөліктің жарамсыз доңғалағы, тағы басқа да өңдірістік қалдық кені алынған карьерді толтыруға қолданылады. Осының бәрі — өндірістік қалдық бейберекет шашылып, жерді бүлдірмеуі үшін жасалып жатқан шара.
Компания қоршаған ортаға қатысты нормативтік заңнама талабын және атқарушы органның шешімін ойдағыдай орындауға ұмтылады. Экологияның тазалығына тигізетін әсері бар нысанды тексеріп, анықталған кемшілікті дереу түзетіп отырады.
Барлық кәсіпорында табиғатты қорғау шарасы белгіленген жоспар бар. Мыс қорыту зауыты, байыту фабрикасы, жылу-электр орталығы табиғатты пайдалануға берілген рұқсатқа сәйкес белгіленген айрықша шартты бұзбауға тырысады. Қорыта айтқанда, қоршаған ортаға қамқорлықтың арқасында экологиялық қалыпты жағдай сақталған. Ол үнемі жіті бақылауда.

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстан Журналистер одағы
сыйлығының лауреаты.
Қазақстан Журналистер одағы
сыйлығының лауреаты.
[ Регистрация | Вход ]