Главная » 2021 » Апрель » 2 » «KAZ MINERALS PLC» КОМПАНИЯСЫ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

«KAZ MINERALS PLC» КОМПАНИЯСЫ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

02.04.2021 в 06:43 просмотров: 406 комментариев: 0 Общество
2021 жылы 26 наурызда «Nova Resources B.V.» компаниясы Соңғы оферта-құжатты жариялады, бұл құжатты 2021 жылғы 8 ақпандағы Алғашқы оферта-құжатпен және қоса тіркелген Акцептінің Екінші бланкісімен бірге оқыған жөн.

«Nova Resources B.V.» компаниясы Соңғы артылған офертаға сәйкес төлейтін Сатып алу бағасы «KAZ Minerals» компаниясының бір акциясы үшін 850 (сегіз жүз елу) пенсті құрайды. Бұған қоса, егер Соңғы артылған оферта барлық жағдайда сөзсіз болып жарияланса немесе жарияланатын болса, «KAZ Minerals PLC» компаниясы Соңғы артылған оферта барлық жағдайда сөзсіз болып жарияланған немесе жарияланатын күні кешкі сағат 18:00-де (Лондон уақыты бойынша) «KAZ Minerals» компаниясы акционерлері тізілімде болатын «KAZ Minerals» компаниясының барлық акционерлеріне бір акцияға 27 АҚШ центі мөлшерінде Арнаулы дивидендті төлейді.
«KAZ Minerals» компаниясының акцияларына акцияға сертификаттар түрінде құжаттық нысанда ие болатын «KAZ Minerals» компаниясының акционерлері Акцепт бланкісін (қолдануға орынды болса, куәгердің қолы қойылып расталған) (акция сертикаты(-тары)мен және (немесе) басқа құқық белгілеуші құжат(-тар)пен бірге) ең қысқа мерзімде пошта арқылы толтыру, қол қою және беру арқылы, алайда кез келген жағдайда, оларды Алушы-агент – «Computershare Investor Services PLC» компаниясы Бристольда (Англия) 2021 жылдың сәуірдің 9-ы сағат 13:00-ден (Лондон уақыты бойынша) кешіктірмей ала алатындай, офертаны құптай алады.
«KAZ Minerals» компаниясының акцияларына құжаттық нысанда ие болатын «KAZ Minerals» компаниясының акционерлерінің Соңғы артылған офертаны қабылдау тәртібі ары қарай осы хабарламаға 1-қосымшада мазмұндалған. Соңғы артылған оферта талаптарының толық сипаттамасын және оны құптау шараларын Соңғы оферта-құжаттан және, тиісінше, Акцептінің Екінші бланкісінен көруге болады, олар «Nova Resources B.V.» компаниясының http://www.novaresourcesbv.com/Announcements.html электрондық адресі бойынша веб-сайтында Соңғы артылған офертаның қолданылуы аяқталғанға шейін қолжетімді болады.
«Nova Resources B.V.» компаниясы Қазақстан Республикасында тұратын немесе тіркелген және «KAZ Minerals» компаниясының Акцияларына құжаттық нысанда ие болатын акционерлерге осымен Акцепт бланкісін толтыруда және рәсімдеуде және Соңғы артылған офертаны құптау тәртібінде көмек көрсетілуі мүмкін екені туралы хабарлайды. Көмек тегін көрсетіледі.
Егер сізге Акцепт бланкісін толтыруда көмек қажет болса (не болмаса сіз қосымша Акцепт бланкісін алғыңыз келсе), Алушы-агент – «Computershare Investor Services PLC» компаниясына дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30 мин. пен сағат 17:30 мин. аралығында (Ұлыбританиядағы мемлекеттік мейрам күндерінен басқа) кез келген уақытта, егер сіз Ұлыбритания шегінде болсаңыз – (0) 370 707 1100 нөмірі бойынша хабарласа аласыз (немесе егер сіз Ұлыбритания аумағынан тысқары болсаңыз – +44 (0) 370 707 1100 – нөмірі бойынша). Қоңыраулар бақылауға алынуы немесе жазылуы мүмкін екенін ескертеміз. Соңғы артылған офертаның мәні бойынша кеңестер, сондай-ақ қаржылық, заңды немесе салық ұсыныстары берілмейді. 
Егер сізге орыс немесе қазақ тілінде (яғни «Computershare Investor Services PLC» кеңес беретін ағылшын тілінде емес) көмек қажет болса, онда консультациялық көмек алу үшін «Nova Resources B.V.» компаниясының атынан әрекет ететін «Verum» заң фирмасына келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
Мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., A15X3C7 (050013), Республика алаңы, 15, 5 қабат. 
Тел.: +7 (727) 344 2831 / 2829
Электрондық пошта: verum@verum.kz



«Verum» заң фирмасының өкілдері қажет болған жағдайда, мекенге барып көмек көрсету үшін Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Жезқазған қалаларына бара алады. Жоғарыда аталған қалаларда кездесу күні және уақыты, сонымен қатар кеңесшінің өкілдерінің байланыс деректері акционерлердің сұрату бойынша анықталатын және мәлімделетін болады. «Verum» заң фирмасы Соңғы артылған офертаның мәні бойынша кеңестер немесе кез келген қаржылық, заңды немесе салық ұсыныстарын бермейді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша кеңес алу үшін «KAZ Minerals» компаниясының акционерлері өз кеңесшілеріне хабарласуы керек.
Егер басқасы көрсетілмесе, осы хабарламада қолданылатын терминдер Соңғы оферта-құжатта берілген дәл сол мағынаны білдіреді.
 
1 ҚОСЫМША
ҚҰЖАТТЫҚ НЫСАНДА ШЫҒАРЫЛҒАН «KAZ MINERALS» АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ИЕЛЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН 
«KAZ MINERALS» КОМПАНИЯСЫ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ СОҢҒЫ АРТЫЛҒАН ОФЕРТАНЫ ҚҰПТАУ ТӘРТІБІ 



1. Акцепт бланкісін толтыру
Құжаттық нысанда шығарылған (басқаша айтқанда, CREST жүйесінде емес) «KAZ Minerals» акцияларына қатысты Соңғы артылған офертаны қабылдау үшін сізге төменде және Акцепт бланкісінің өзінде көрсетілген нұсқауларға сәйкес Акцептінің Алғашқы бланкісін немесе Акцептінің Екінші бланкісін толтыру қажет. Сізге құжаттық нысанда, алайда әртүрлі белгілермен шығарылған «KAZ Minerals» акцияларына арналған жеке Акцепт бланкілерін толтыру керек. Егер Акцепт бланкісін толтыру бойынша сұрақ туындайтын болса, сіз Алушы-агентке – «Computershare Investor Services PLC» компаниясына дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30 мин. пен сағат 17:30 мин. аралығында (Ұлыбританиядағы мемлекеттік мейрам күндерінен басқа) кез келген уақытта, егер сіз Ұлыбритания шегінде болсаңыз – (0) 370 707 1100 нөмірі бойынша хабарласа аласыз (немесе егер сіз Ұлыбритания аумағынан тысқары болсаңыз – +44 (0) 370 707 1100 – нөмірі бойынша). Егер сізге орыс немесе қазақ тілінде көмек қажет болса (яғни Алушы-агенттен ағылшын тілінде емес), кеңес алу үшін «Nova Resources B.V.» компаниясының атынан әрекет ететін «Verum» заң фирмасына келесі деректемелер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., A15X3C7 (050013), Республика алаңы, 15, 5 қабат, тел.: +7 (727) 344 2831 / 2829, эл. пошта: verum@verum.kz. Акцептінің қосымша бланкілерін Алушы-агенттен сұрату жіберу арқылы алуға болады. 
(a) Сіздің құжаттық нысандағы барлық «KAZ Minerals» акцияларыңызға қатысты Соңғы артылған офертаны қабылдау үшін – сіз Акцепт бланкісінің 2 ұяшығын толытырып, 3 ұяшығында қол қоюыңыз керек. Барлық жағдайларда – егер сіз жеке тұлға болсаңыз, сіз Акцепт бланкісінің 3 ұяшығында куәгердің көзінше қол қоюыңыз қажет, ол куәгер де бланкте көрсетілген нұсқауларға сәйкес қол қоюы тиіс. Компания болып табылатын «KAZ Minerals» кез келген акционері бланкте басылған нұсқауларға сәйкес Акцепт бланкісінің 3 ұяшығын толтыруы қажет. Егер сіз Акцепт бланкісінің 2 ұяшықта «KAZ Minerals» акциялары санын көрсетпесеңіз не болмаса егер сіз 2 ұяшықта сіздің атыңызға тіркелген акциялардың артық санын көрсететін болсаңыз, және 3 ұяшықта қол қойсаңыз, онда сіздің акцептіңіз сізге тиесілі барлық құжататмалық «KAZ Minerals» акцияларын қамтитындай болып қаралатын болады.
(b)    Сіздің құжаттық нысандағы барлық емес «KAZ Minerals» акцияларыңызға қатысты Соңғы артылған офертаны қабылдау үшін – сіз бланкте басылған нұсқауларға сәйкес Соңғы артылған офертаны қабылдауға ниеттеніп отырған «KAZ Minerals» акцияларының азырақ санын Бланктің 2 ұяшығында көрсетуіңіз керек. Бұдан кейін сіз «KAZ Minerals» акцияларының осындай азырақ санына байланысты (а) тармағында көзделген рәсімдерді орындауыңыз қажет.

2. Акцепт бланкісін қайтару
Құжаттық нысанда шығарылған «KAZ Minerals» акцияларына қатысты Соңғы артылған офертаны қабылдау үшін, толтырылған, қол қойылған және (егер қолданылса) куәгердің қолы қойылып расталған Акцепт бланкі және (төменде 3 тармақты ескере отырып) акцияларға тиісті сертификат(-тар), және (немесе) құқық белгілеуші құжат(-тар) Алушы-агентке – «Computershare Investor Services PLC» компаниясына, Corporate Actions Projects, Bristol, BS99 6AH мекенжайы бойынша ең қысқа мерзімде, алайда кез келген жағдайда, оларды 2021 жылдың сәуірдің 9-ы сағат 13:00-ден кешіктірмей алатындай, пошта арқылы жіберіледі. Сізге ыңғайлы болу үшін тек Ұлыбритания аумағында қолдануға арналған марка салынған және қайтару мекенжайы жазылған конверт қоса тіркеледі. Құжаттарды алу туралы растама берілмейді. 
Ықпалшаралар аясына түсетін Юрисдикцияның пошталық белгісін қамтитын немесе «Nova Resources B.V.» компаниясының не оның агенттерінің пікірі бойынша осындай юрисдикциялардың қандай да бір аумағынан жіберілген конвертте қабылданған кез келген Акцепт бланкі Соңғы артылған офертаның жарамсыз акцептісі ретінде қабыл алынбауы мүмкін. Шетел резиденттері болып табылатын «KAZ Minerals» акционерлері туралы толық ақпарат алу үшін Соңғы оферта-құжаттың 2 бөлімі 12 тармағын қараңыз. 

3. Қолжетімсіз немесе жоғалған акциялар сертифкаттары 
Егер сіз «KAZ Minerals» акцияларына құжаттық нысанла ие болсаңыз, онда толтырылған, қол қойылған және (егер қолданылса) куәгердің қолы қойылып расталған Акцепт бланкіне тиісті акциялар сертифкаты(-тары) және (немесе) басқа құқық белгілеуші құжат(-тар) қоса тіркелуі тиіс. Егер қандай да бір себеппен тиісті акциялар сертифкаты(-тары) және (немесе) басқа құқық белгілеуші құжат(-тар) қолжетімсіз не жоғалған болса, онда сіз Акцепт бланкін жоғарыда көрсетілген тәртіпте толтырып, қол қойып және Алушы-агент «Computershare Investor Services PLC» атына, Corporate Actions Projects, Bristol, BS99 6AH мекенжайы бойынша, 2021 жылдың сәуірдің 9-ы сағат 13:00-ден кешіктірмей ала алатындай жіберуіңіз керек. Сіз Акцепт бланкімен бірге, қолыңызда бар барлық акциялар сертификаттарын және (немесе) өзге құқық белгілеуші құжаттарды, қалған құжаттар ең қысқа мерзімде жіберілетіні немесе сіздің бір немесе бірнеше акциялар сертификаттарын және (немесе) басқа құқық белгілеуші құжаттарды жоғалтқаныңыз туралы хатты қоса тіркей отырып, жөнелтуіңіз керек. Бұдан кейін, сіз Corporate Actions Projects, Bristol, BS99 6AH мекенжайы бойынша Computershare Investor Services PLC атына тиісті акциялар сертифкатты(-тарды) және (немесе) басқа құқық белгілеуші құжатты(-тарды) Алушы-агентке ең қысқа мерзімде пошта арқылы жіберуді ұйымдастыруыңыз қажет. Өзіңіздің акциялар сертификатыңызды(-тарыңызды) және (немесе) өзге құқық белгілеуші құжатыңызды(-тарыңызды) жоғалтқан жағдайда, сіз KAZ Minerals тіркеушісіне – «Computershare Investor Services PLC» +44 (0) 370 707 1100 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңыз керек не болмаса жоғалған акциялар сертифкатқа(-тарға) немесе өзге құқық белгілеуші құжатқа(-тарға) кепілді хатты алуға сұрату жібере отырып, The Pavilions, Bridgwater Road, Bristol, BS13 8AE мекенжайы бойынша «Computershare Investor Services PLC» атына хат жазуыңыз қажет, ал бұл хатты берілген нұсқауларға сәйкес толтырғаннан кейін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Алушы-агентке қайта жөнелту керек.

4. Акцептілердің жарамдылығы 
Алғашқы оферта-құжатқа I қосымшаның В бөлімі мен С бөлімінің ережелеріне зиян келтірусіз (Соңғы оферта-құжатқа I қосымшамен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен), Қосып алуды жүргізу ережелері жиынтығының талаптарын ескере отырып, «Nova Resources B.V.» компаниясы Соңғы артылған офертаның тиісті акцептісін толық көлемде немесе, егер мұндай акцепт тәртіпке толық сәйкес келмесе не болмаса оған тиісті сертификаты(-тары) және (немесе) өзге құқық белгілеуші құжат(-тар) қоса тіркелмесе – толық немесе жартылай жарамды ретінде қарау құқығын өзінде сақтап қалады. Мұндай жағдайда Соңғы артылған оферта шегінде ақшалай төлем тек тиісті сертификатты(-тарды) және (немесе) өзге құқық белгілеуші құжатты(-тарды) не болмаса «Nova Resources B.V.» компаниясы негізді түрде қолданатын кепілді құжаттарды алғаннан кейін ғана жүзеге асырылатын болады.

5. Шетелдік акционерлері
Ұлыбритания аумағынан тысқары юрисдикциялар резиденттері немесе азаматтары болып табылатын, KAZ Minerals акцияларына құжаттық нысанда ие болатын «KAZ Minerals» акционерлерінің назарын Алғашқы оферта-құжатқа I қосымшаның В бөлімі 7 тармағына және С бөлімі (b) тармағына аудартамыз (Соңғы оферта-құжатқа I қосымшамен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен). 

6. Арнаулы дивидендтерге қатысты валютаны таңдау
KAZ Minerals компаниясымен жарияланатын дивидендтердің алуға арналған валюта әдепкі қалып бойынша АҚШ доллары (USD) болып табылады, алайда KAZ Minerals акционерлері өз дивидендтерін алу үшін фунт стерлингтерді таңдауға құқылы. Арнаулы дивидендтттерді фунт стерлингпен алуды қалайтын KAZ Minerals акционерлері үшін валюта таңдау бланкілерін немесе CREST жүйесінде KAZ Minerals тіркеушісіне – «Computershare Investor Services PLC» осындай бланк немесе хабарлама 2021 жылдың сәуірдің 9-ы сағат 18:00 минуттан кешіктірмей жіберілетіндей хабарлама жөнелтуі қажет. Валюта таңдаудың тиісті банкін KAZ Minerals тіркеушісінің – «Computershare Investor Services PLC» вебсайтында https://wwwuk.computershare.com/Investor/FormsCatalogue.asp сілтеме бойынша табуға болады. Компанияның тиісті коды – KZK. Қазіргі уақытта немесе бұрын дивидендтердің қолданыстағы валютасының пайдасына таңдау жасаған «KAZ Minerals» акционерлеріне Арнаулы дивидендтер АҚШ долларымен көрсетілген Арнаулы дивидендтерді 0.72068 фунт стерлингті құрайтын фунт стерлингке айырбастауға арналған Дивидендтерді айырбастау бағамы («Дивидендтерді айырбастау бағамы») бойынша фунт стерлингпен төленетін болады. Дивидендтерді айырбастау бағамы Соңғы оферта-құжат күніне дейін екі жұмыс күн қалғанда аяқталатын бес жұмыс күн үшін орташа валюталық бағамға негізделген.
Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.