Главная » 2022 » Июнь » 16 » Президент ел тағдыры қыл үстінде тұрған сын сағатта қиын шешімдер қабылдады – Ерлан Қошанов ҰЛЫТАУ

Президент ел тағдыры қыл үстінде тұрған сын сағатта қиын шешімдер қабылдады – Ерлан Қошанов ҰЛЫТАУ

16.06.2022 в 13:07 просмотров: 677 комментариев: 0 Политика
Ел-жұртты аралап, мыңдаған кездесулер өткізген кезде Мәжіліс депутаттары, «Аманаттың» өңірдегі өкілдері осыған толық көз жеткіздік. Түптеп келгенде, Қасыретті қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанның болашағына, қазақ қоғамының бірлігіне күмән келтіргендер де аз болған жоқ. Алайда тарихи референдум халқымыздың тұтастық пен ауызбіршілікке, мемлекетшілдік мұраты мен тәу еткен Тәуелсіздікке адал екенін айқын көрсетті», - деді Мәжіліс төрағасы. «Осы тұста, Қасым-Жомарт Кемелұлы, мен бір нәрсені ерекше атап өткім келеді. Ел тағдыры қыл үстінде тұрған сол сын сағаттарында аса ауыр жағдайда қандай қиын шешімдер қабылдағаныңыздың куәгері болдық. Ол туралы кешегі берген теле-сұхбатыңызда өзіңіз де айттыңыз. Сол шешімдер біздің тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді сақтап қалғаны – ақиқат», - деді Ерлан Қошанов. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтіп жатыр. Айта кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлығы жарияланды.
Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.