Главная » 2021 » Апрель » 26 » Психологиялық –медициналық-педагогикалық консультациясындағы әлеуметтік педагогтың қызметі

Психологиялық –медициналық-педагогикалық консультациясындағы әлеуметтік педагогтың қызметі

26.04.2021 в 14:25 просмотров: 437 комментариев: 0 Общество
ПМПК құрамында әлеуметтік педагог 0 мен 18 жасқа дейінгі балалармен мен жеткіншектердің әлеуметтік тыныс тіршілігін, таным процесінің деңгейін зерттейді; микроорталығын, өмір сүру жағдайларын анықтайды. Ата-аналарға(заңды өкілдеріне), әлеуметтік педагогтарға кәсіби тұрғыдан көмек береді. Баланың білім беру мекемелерімен  және әлеуметтік ортамен  байланысын ұйымдастырады. Баланың психофизиологиялық дамуындағы қиындықтарын, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетуге кеңес береді, құқық бұзушылығы бойынша алдын - алу  жұмыстарын жүргізеді;
 Әлеуметтік педагог ЕБҚЕ баланың отбасына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету  мақсатында зерттеу жүргізіп, жұмыс жасайды. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығын басшылыққа ала отырып,   ПМПК-да есепте тұрған балалар туралы деректерді құпия түрде  сақтайды.  Әлеуметтік педагогтың қатысуымен ПМПК-да  әлеуметтік-педагогикалық зерттеу екі бағытта өткізіледі. Зерттеудің бірінші бағыты-баланың әлеуметтік дамуының сипаттамалары мен мәселелерін зерттеу (әлеуметтік жағдайы, ортаға бейімделуі, ұқыптылық дағдылары, өзіне-өзі қызмет көрсету, мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларын игеру және іске асыруы, қызығушылықтары). Зерттеудің екінші бағыты: отбасының әлеуметтік сипаттамасы (отбасы құрамы, отбасылық жағдайы);  отбасындағы тәрбиенің шарттары мен ерекшеліктері тәрбие түрі, тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі, ата-анамен бала арасындағы қатынас туралы ақпарат жинау.
Негізгі міндеті дамуында әр түрлi ауытқушылықтары бар және мамандандырылған жәрдемдi қажет ететiн балаларды, оның iшiнде ерте сәби жастағы балаларды дер кезiнде анықтау мәселелерi бойынша бiлiм, әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бiрлесе жұмыс iстеу;     
кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жай-күйiнiң ерекшелiктерi туралы халық арасында бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсiндiру жұмыстарын жүргізуге ат салысады.
Арнайы түзету ұйымдарында, сыныптарда,түзету кабинеттерінде балалардың (тәрбиеленушілердің) қоршаған ортаға бейімделуін психикалық даму деңгейінің тежелуіне немесе бұзылуына  байланысты оқыту мен тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсетеді. Балаларға психологиялық көмек көрсету үшін диагностикалық түзету-әдістемелік және әдіснамалық жұмыс жүргізеді.Ең тиімді тәжірибелік жұмыстарды таратады және қорытындылайды. Жолдама бойынша білім беру мекемелерінде, бала-бақшаларда және аудандарда үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.

Жезқазған қалалық ПМПК әлеуметтік педагогы Тенизбаева Г.Н.
 
Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.