Главная » 2021 » Апрель » 26 » «Жезқазған қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» аймақтағы ерекеше білімді қажет ететін балаларды анықтаудағы рөлі

«Жезқазған қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» аймақтағы ерекеше білімді қажет ететін балаларды анықтаудағы рөлі

26.04.2021 в 13:25 просмотров: 372 комментариев: 0
Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. ПМПК-ның  негізгі бағыттары:  ерекше білімді қажет ететін балаларды диагностикалау, кеңес беру, баланың зиятына, қабілетіне сай білім бағдарламасын белгілеу, психофизикалық бұзылыстары бар балаларды тереңдетіп тексеру және емдеу мақсатында медициналық ұйымдарға жіберу. Олардың арнайы білім беру қажеттілігін есепке алып, жиынтық есебін құрастыру болып табылады.
Жезқазған қалалық ПМПК-ның тарихы 2003 жылдан басталады. 2003 жылдың 1 қаңтарынан Қарағанды облысы әкімінің №65 бұйрығы негізінде Жезқазған қаласында аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы құрылды. ПМПК қызметі: Жезқазған қ., Сатпаев қ., Ұлытау , Жаңаарқа аудандары, Қаражал қ. және Жайрем кенті аймағының 0-18 жас аралығындағы балаларды қамтиды.
Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін анықтау келесі  мамандардың кешенді тексеруінің нәтижесінде жүзеге асырылады: дәрігер - психиатр Буланбаева Г.Д., логопед – мұғалімі Ибраева Л.Ж., психолог Рожнова Е.П., дефектолог – мұғалімі Қиянбекова М.Ү., әлеуметтік педагог Тенизбаева Г.Н. қатысады. Әдіскер Ахмедина М.Б үнемі мамандардың кәсіби шеберліктерін жоғарылату мақсатында жұмыс атқарады.   ПМПК басшы Абдимуратова А.Р. мамандарға біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырып, сапалы диагностикалық жұмыстарды жүргізуге жағдай жасайды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде  жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. ПМПК есебінде 1410 ерекше білімді қажет ететін бала тіркелген, (Жезқазған қаласында ерекше білімді қажет ететін бала саны – 747 бала, Сатпаев қаласында 396 бала, Қаражал қаласы және Жәйрем кентінде 49 бала, Ұлытау ауданында 54 бала, Жаңаарқа ауданында 163 бала). Оның ішінде инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша  380 балаға қорытынды берілген. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сыныптар Жезқазған қ. №3, №13, №21, Сәтбаев қ, №7, №25, Атасу кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептерінде арнайы сыныптар жұмыс атқарады. ПМПК-ның қорытындысы бойынша арнайы сыныпта 237 бала оқытылады. Мектеп жасына дейінгі ерекше білімді қажет ететін балалар саны 389. Оның ішіде 115 бала мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім алуда. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 13 жасөспірім  инклюзивті топтарда білім алуда. Кей жағдайда аталған білім мекемелерінде психологиялық-педагогикалық қолдау (психолог, логопед, дефектолог) болмаған жағдайда, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне жіберіледі. Аймақ бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері Жезқазған қ, Атасу к. жұмыс атқарады. Алдағы уақытта Сәтбаев қ. психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ашылуы жоспарлануда.
Еліміз бойынша ерекеше білімді қажет ететін балалардың саны күн сайын өсуде, әр баланың әлеуметтік, денсаулық жағдайына қарамастан тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алуға құқылы. Осы орайда   психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының рөлі ерекше маңызды бола түседі, себебі тек ПМПК баланың ЕБҚЕ  статусын анықтайды.  ПМПК қорытындысы ата-аналарға (заңды өкілдеріне) ұсыныс ретінде берілсе, білім мекемелерінде  бұл қорытынды міндетті түрде орындалуы шарт.
Жезқазған қалалық ПМПК әдіскері Ахмедина М.Б.
 
Фотографии по теме
Комментарии 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright © 2014 ZhezVestnik.